Алматыда төрт жасар баланы өлімші еткендерге қатаң жаза қолдануды сұрайды

Фотография - Алматыда төрт жасар баланы өлімші еткендерге қатаң жаза қолдануды сұрайды

Алматыда жол көлік оқиғасы салдарынан төрт жасар бала қайтыс болған атышулы іске қатысты кінәлі бір әйелге қатаң жаза қолдануы мүмкін, деп хабарлайды Today.kz тілшісі.

454 0

Алматыда жол көлік оқиғасы салдарынан төрт жасар бала қайтыс болған атышулы іске қатысты кінәлі бір әйелге қатаң жаза қолдануы мүмкін, деп хабарлайды Today.kz тілшісі.
Сондай-ақ, автокөліктің иесі Айгүл Есенбаеваға жаңа айыптаулар тағылуда.
 "Істі жүргізе келгенде анықталғандай, Есенбаеваның ісі бойынша осы күнге дейінгі тағылған айптауларға қоса ҚР ҚК 351 бабы 2 тарауы "Жол ережесін бұзу, Көлiктiң қауiпсiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн қағидаларды бұзу, абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан дәл сол іс-әрекет –төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Соған орай ҚР ҚПК 340 бабына сәйкес Есенбаеваға қатаң жаза қолдануды сұраймыз", - дейді мемлекеттік айыптаушы.
Айта кету керек, абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан дәл сол іс-әрекет – төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын айырылады. Сонымен қатар, ҚР ҚК 349 бабы 3 тарауы бойынша  тағылған айыптар бойынша үш жылға бас бостандығынан айырылады.
Сонымен қатар, мемлекеттік айыптаушы кінәлі екі айыпталушының екеуіде оқиға болған кезде мас күйінде болған фактіні сотқа есепке алуын ұсынды.
Ертеректе, жапа шеккен жақ автокөліктің иесі Айгүл Есенбаеваға ҚР ҚК 345 бабы 3 тарауын (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы және осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет – белгілi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.) қолдануын сұраған. Алайда сот мұны қабылдамады.
Естеріңізге сала кетейік, алматылық Заира Серікбаева ҚР ҚК 345 бабы 3 тарауы (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша айыпталуда. Айгүл Есенбаеваға ҚР ҚК 349 бабы 3 тарауы (Басқаруға құқығы жоқ жүргізушінің көлiк құралын басқаруына жол беру және осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет – белгілi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Тергеу жұмыстарының мәліметіне қарағанда, осы жылдың мамыр айында Қалқаман ықшам ауданында 34-жасар осы ауданның тұрғын және оның құрбысы, мас күйінде көлік айдап үйренбек болған. Сол кезде әйел жол жиегінде тұрған Mersedes автомашинасын соққан. Ары қарай газды басып, жүрісті жалғастыру барысында екі жаяу жүргіншіні қаққан: 15- жасар қызбен бесік арбасында отырған төрт жасар бала болған. Содан кейін "Тойота" жүргізіп келе жатқан жол ережесін бұзушы қарама-қарсы бағытта келе жатқан "Фольксвагенге" соқтығысып, артынша металдан жасалған газ жүргізілген трубаның тірегін соғып, соңында жағалай тұрған "Тойоту Каринаны" соққан. Автокөлік иесінің айтуынша, машинаны көлік айдауда тәжірбиесі жоқ және жүргізушілік куәлігі жоқ құрбысы жүргізген. Соқтығысу саладрынан төрт жасар бала қайтыс болды, оның 15-жасар әкпесінің аяғы сынып, балалар ауруханасына жатқызылды. 69-жасар "Фольксваген" жүргізушісі бас сүйек-ми зақымданып, миы шайқалған. Ер адамның туыстарының айтуынша, жол көлік оқиғасынан ер кісі инсульт алып, қазірде ауруханада жатқанын айтқан. Олар айыптаушыларға қатысты арызданбақ.
Ертеректе белгілі болғандай, оқиға болған күні, екі әйел литрге жуық арақ ішкен.

 


Тегтер:

Алматы ЖКО

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!