Ақмола облысында мектеп оқушысын 35 жастағы ер адам алып қашқан

Фотография - Ақмола облысында мектеп оқушысын 35 жастағы ер адам алып қашқан

Ақмола облысында қыз алып қашқандардың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады

494 0

Ақмола облысында қыз алып қашқандардың үстінен қылмыстық іс қозғалды.  Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Полицейлердің мәліметі бойынша, 1 қыркүйек күні Жақсы ауданының Тарасовка ауылында 15 жасар мектеп оқушысын 35 жастағы ер адам алып қашқан. Алайда,  алдынан өтуге барған жігіттің туыстарына қыздың анасы көнбей бірден полицияға арыз берген.

Сондай-ақ қыркүйектің 5-і күні түнгі 23:00 минут шамасында осы аудандағы Беловодская ауылында 1991 жылғы екі жігіт 23 жастағы қызды алып қашқан.

Қазіргі кезде, осы екі оқиғаға байланысты ҚР ҚК 126 бабының 1 бөлімі (заңсыз бас бостандығынан айыру) бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілерден ешқайда кетпеу жөнінде қолхат алынды. 

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!