Алматыда жекеменшік үйде газ құбырының жарылысына байланысты сот шешімі шықты (Бейне)

Фотография - Алматыда жекеменшік үйде газ құбырының жарылысына байланысты сот шешімі шықты (Бейне)

Алматыда жекеменшік үйде газ құбыры жарылып, үй ішіндегі әйелмен кәмілет жасқа толмаған екі бала тірідей өртеніп кеткеноқиғаға қатысты кінәлілерге сот шешімі шықты, деп хабарлайды Today.kz.

372 0

Алматыда жекеменшік үйде газ құбыры жарылып, үй ішіндегі әйелмен кәмілет жасқа толмаған екі бала тірідей өртеніп кеткеноқиғаға қатысты кінәлілерге сот шешімі шықты, деп хабарлайды  Today.kz.
"Айыпталушылар Кречетов Денис, Ческов Александр, Пеличева Ольга, Тұрдыханов Тимур және де Турсунова Карлинаны ҚР ҚК 256 бабы 2 тарауы бойынша кінәлі деп тауып, үш жыл алты айға қоныс колониясында жазасын өтейтін болды. Әйелге соттың шешімі бойынша үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді", - деп жаза тағайындады Алатау аудандық сотының судьясы Мұрат Шолпанқұлов.
Сонымен қатар "Казтрансгаз" ЖШС сот шешімі бойынша жапа шегуші жаққа 17 миллион 891 мың теңге және туыстарынан айырылған анасымен баласына 12 миллион теңге көлемінде төлейтін болады.
Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылдың 25 қазанында "Айгерім-2" ықшам ауданында жекеменшік үйде газдың қуаты жарылыс болған. Оқыс оқиғадан үш адам қаза тапқан – 23 жасар қыз бен  2013 жылғы және 2008 жылдары туылған кішкентай балалар.
Тергеу жұмыстарына 1,5 жыл уақыт кеткен. Кінәлі ретінде  бес адам тартылған, оның ішінде КСК "Виктория Хауз" ПИК-тің (пәтер иелерінің кооперативі) өкілі, жобалаушы және дәнекерлеуші бар. Оларға ҚР ҚК 104 бабы 2 тарауы (Абайсызда екi немесе одан да көп адамды қазаға ұшырату) және ҚР ҚК 204 бабы 2 тарауы (Бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру Отпен немесе қауiптiлігі жоғары өзге де көздермен абайсыз жұмыс iстеу арқылы жасалған не ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе аса ірі залал келтірген дәл сол іс-әрекет) бойынша айып тағылған. Аталған іс бойынша ЖШС "Алматинские газовые сети" (АГС) жұмысшыларыда ҚР ҚК 256 бабы 2 тарауы (Өрт сөндіру ережелерін бұзу) бойынша айып тағылған.
Соңғы сот отырысында судья өрттің салдарынан болған материалдық шығынды арнайы сараптамалық жұмыстар жүргізуін тағайындаған.

Бейне: Дидар Абдигожаев
Автор: Зарина Жакупова


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!