Қарабалық ауданында қатерлі ауру құтырып тұр

Фотография - Қарабалық ауданында қатерлі ауру құтырып тұр

Қостанайдың шекарамен шектес Қарабалық ауданында Иммун тапшылығы вирусы (ВИЧ) ауруының таралуы алаңдатып отыр.

681 0

Қостанайдың шекарамен шектес Қарабалық ауданында Иммун тапшылығы вирусы (ВИЧ) ауруының таралуы алаңдатып отыр. Бұл жөнінде egemen.kz хабарлады.

Қарабалық ауданы иммун тапшылығы вирусының таралуы жөнінен облыста Қостанай мен Рудный қалаларынан кейінгі үшінші орында тұр. Жыл басынан бергі жеті айдың қорытындысы бойынша ауданнан осы қатерлі ауруды жұқтырған екі адам тіркелген. Өткен жылы мұндай жағдай болмаған. Ауданда ғасыр індетінің тырнағына ілінген 18 адам тұрады. Ауданда ИТВ-мен ауыратын жүкті әйелдердің саны бесеуге жеткен. Қан тапсырушылардың арасынан екі адамның ауруға шалдыққаны анықталған. Қан құйылғаннан кейін ауру адамды тексеру нашар жүргізіледі. Аудан әкімдігінде осы жағдайға байланысты өткізілген басқосуда жергілікті полицейлерге тұрғындардың әлеуметтік әлсіз тобымен – тұрғылықты белгілі мекені жоқ адамдармен, есірткі қолданатындармен жұмыс істеуге, медицина қызметкерлеріне адамдардың жасырын және ақысыз тексерілуін жиілетуге ықпал ету тапсырылды.

 

Қостанайдың шекарамен шектес Қарабалық ауданында Иммун тапшылығы вирусы (ВИЧ) ауруының таралуы алаңдатып отыр. Бұл жөнінде egemen.kz тілшісі хабарлады. Қарабалық ауданы иммун тапшылығы вирусының таралуы жөнінен облыста Қостанай мен Рудный қалаларынан кейінгі үшінші орында тұр. Жыл басынан бергі жеті айдың қорытындысы бойынша ауданнан осы қатерлі ауруды жұқтырған екі адам тіркелген. Өткен жылы мұндай жағдай болмаған. Ауданда ғасыр індетінің тырнағына ілінген 18 адам тұрады. Ауданда ИТВ-мен ауыратын жүкті әйелдердің саны бесеуге жеткен. Қан тапсырушылардың арасынан екі адамның ауруға шалдыққаны анықталған. Қан құйылғаннан кейін ауру адамды тексеру нашар жүргізіледі. Аудан әкімдігінде осы жағдайға байланысты өткізілген басқосуда жергілікті полицейлерге тұрғындардың әлеуметтік әлсіз тобымен – тұрғылықты белгілі мекені жоқ адамдармен, есірткі қолданатындармен жұмыс істеуге, медицина қызметкерлеріне адамдардың жасырын және ақысыз тексерілуін жиілетуге ықпал ету тапсырылды.

Ақпарат көзі: http://egemen.kz/2015/09/11/75776



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!