Таразда бұрынғы судья төрт жылға бас бостандығынан айырылу жазасына кесілді

Фотография - Таразда бұрынғы судья төрт жылға бас бостандығынан айырылу жазасына кесілді

Жамбыл аудандық сотында алаяқтық бабы бойынша Тараз қалалық №2 сотының бұрынғы судьясы Р.Маделиеваға және адвокат Р.Зәкіровке қатысты қылмыстық іс қаралды

185 0

Жамбыл аудандық сотында алаяқтық бабы бойынша Тараз қалалық №2 сотының бұрынғы судьясы Р.Маделиеваға және адвокат Р.Зәкіровке қатысты  қылмыстық іс қаралды.

Бұл туралы ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметінен хабарлайды.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылғы 9 сәуірде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бөлімі мен Жамбыл облысының Мемлекет қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментімен бірге өткізілген іс-шара кезінде 200 мың теңге сомасындағы пара алу барысында Тараз қалалық №2 сотының судьясы Р.Маделиева мен адвокат Р.Зәкіров ұсталған болатын.

Жамбыл аудандық сотының үкімімен сотталушылар ҚР ҚК-нің 24 б. 3 б - 190 б. 2 б. 3 т.-мен және 28 б. 5 б., 24 б. 3 б., 190 б. 2 б. 3 т.-мен кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылып, жазаларын түзеу колониясының жалпы режимінде өтейтін болды.

Сот сотталушылардың мүлкін тәркіледі. Р.Маделиева мемлекеттік қызмет атқару құқығынан біржолата айырылды, ал Р.Зәкіров - адвокаттық қызмет атқару құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!