Шекара аспақшы болған қашқын қолға түсті

Фотография - Шекара аспақшы болған қашқын қолға түсті

Үшарал шекара жасағының шекарашылары кешенді іздестіру шараларының нәтижесінде Өскемен қаласындағы колония-тұрақтан қашып шығып, Қытай Халық Республикасына заңсыз өтіп кетуді көздеген азаматты ұстады

299 0

Үшарал шекара жасағының шекарашылары кешенді іздестіру шараларының нәтижесінде Өскемен қаласындағы колония-тұрақтан қашып шығып, Қытай Халық Республикасына заңсыз өтіп кетуді көздеген азаматты ұстады.

Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Үстіміздегі жылдың 11 қыркүйегінде ұялы телефонмен көршілес мемлекетте тұрып жатқан досына қоңырау шалған әлдебіреу - өзінің Өскемен қаласында орналасқан колония - тұрақтан қашып шыққандығын айтады. Бұдан әрі ол "жағдайдың тым күрделеніп кеткендігін, бұл жақта бұдан әрі қалудың мүмкін еместігін, екі күн ішінде шекара асуды жоспарлап жүргендігін, өзінің тау арасын паналап, ұялы телефонмен хабарласу үшін биік таудың басына шығып сөйлесіп тұрғандығын" айта келіп, досынан ақша салуды өтінген.

Үшарал шекара жасағының шекарашылары ұялы телефоннан қоңырау шалынған Алматы облысының Сарқан және Ақсу аудандарының арасындағы таулы аумаққа қарай күштерін жұмылдырды. Шекарашылардың шебер ұйымдастырылған кешенді іздестіру шараларының нәтижесінде 11 қыркүйек күні кешкі сағат 9:40-та күдікті, ҚХР азаматы болып табылатын, 1987 жылы туған "Д" деген азамат Сарқан ауданының Ақтан ауылының маңынан ұсталды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!