Көкшетауда 26 жастағы ер адам көлігінің ішінде өртеніп кетті

Фотография - Көкшетауда 26 жастағы ер адам көлігінің ішінде өртеніп кетті

Келеңсіз жағдай 12-ші қыркүйек күні түнгі уақыт 03:09 шамасында Көкшетау қаласы Наурызбай Батыр көшесінің бойындағы тұрғын үй маңында орын алған

173 0

Көкшетауда 26 жастағы ер адам көлігінің ішінде өртеніп кетті. Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады. 

"Келеңсіз жағдай 12-ші қыркүйек күні түнгі уақыт 03:09 шамасында Көкшетау қаласы Наурызбай Батыр көшесінің бойындағы тұрғын үй маңында орын алған. "Опель Вектра" көлігі өртеніп кетті. Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД ӨБ-2 жеке құрамынан 5 адам және 1 арнайы өрт сөндіру техникасы тартылды. Күйген көліктің ішінен 1989 жылғы ер адамның мүрдесі табылды. Қазіргі кезде өрт себептері анықталуда", деп көрсетілген хабарламада.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!