Алматы әуежайында қомақты валютасын декларацияламаған Иран азаматы ұсталды

Фотография - Алматы әуежайында қомақты валютасын декларацияламаған Иран азаматы ұсталды

"Алматы" әуежайының бақылау-өткізу бекетінің шекарашылары валютасын декларацияламай өтіп бара жатқан Иран елінің азаматын ұстады

130 0

"Алматы" әуежайының бақылау-өткізу бекетінің шекарашылары валютасын декларацияламай өтіп бара жатқан Иран елінің азаматын ұстады.

 Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

КС 911 рейсі бойынша "Алматы - Стамбұл - Тегеран" бағытымен ұшқалы тұрған Иран азаматын тексеру барысында декларацияланбаған 57 300 АҚШ доллары, 1 155 000 иран реалы, 440 түрік лирасы, 23 500 теңге табылды.

Ұсталған азамат пен валюталар "Жетысу" кеден бекетінің қызметкерлеріне тапсырылды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!