Шымкент әуежайында сөмкеге салынған 24 қаршыға табылды (ФОТО)

Фотография - Шымкент әуежайында сөмкеге салынған 24 қаршыға табылды (ФОТО)

Шымкент әуежайында шекарашылар 14 қыркүйегі күні кешкі сағат 18.00-де оқыс оқиғаның куәгерлері болды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

636 0

Шымкент әуежайында шекарашылар 14 қыркүйегі күні кешкі сағат 18.00-де оқыс оқиғаның куәгерлері болды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Сарыағаш шекара отрядының "Шымкент авиа" шекаралық бақылау бөлімінде "Шымкент - Дубай" бағытымен ұшатын № FDV-738 әуе рейсіне шекаралық және кедендік бақылау өткізіліп болып, жүк тиеле бастаған кезде, "Боинг-737-700"әуе кемесінің оң қапталына "VIP" жүргіншілерді таситын "Тойота" автокөлігі салып-ұрып жетіп келді. Шағын автобустан ерекше "майпаздалынып" түсіріліп жатқан қос үлкен қара сөмкелер шекара жасағының назарын өздеріне бірден аударды.

Тексеру нәтижесінде бұл сөмкелердің ешқандайда шекаралық және кедендік тексеруден өткізілмегендігі белгілі болды. Автобус жүргізушісінің сөзіне сенсек, ол өзі жүргізуші орындығына жайғасқан кезде бұл сөмкелердің автобус салонында тұрғанын көрген. Белгісіз біреулер сөмкелерді аталмыш әуе кемесіне жеткізуді тапсырған.

Сөмкелерді ашқан кезде ішінен 24 қаршыға қатталып тығылғандығы белгілі болды. Әрқайсысы шамамен 50 000 доллардан кем тұрмайтын осы қаршығалардың Дубайға дейін бір-екеуі ғана тірі жетер еді. Контрабандалық жүк Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша МКД-нің экономикалық қылмыстар қызметіне тексеруге берілді. Сөмкелерге қатысы бар адамдар іздестірілуде. 

2 

3 

4 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!