Алматыда кішкентай қызға тиіскен педофил оқиғаны есіне түсіре алмады

Фотография - Алматыда кішкентай қызға тиіскен педофил оқиғаны есіне түсіре алмады

14 қыркүйекте Алматыда кәмілет жасына толмаған қызға сексуалды сипатта іс әрекет жасағаны үшін айыпталушы Владимир Осинскийдің ісі бойынша Арнаулы ауданаралық сотта тыңдалым өтті. Көктемде бұл оқиғаның бейне ролгі ғаламторға шығып, көп дауға ұшыраған болатын, деп хабарлайды Today.kz тілшісі.

467 0

14 қыркүйекте Алматыда кәмілет жасына толмаған қызға сексуалды сипатта іс әрекет жасағаны үшін айыпталушы Владимир Осинскийдің ісі бойынша Арнаулы ауданаралық сотта тыңдалым өтті. Көктемде бұл оқиғаның бейне ролгі ғаламторға шығып, көп дауға ұшыраған болатын, деп хабарлайды Today.kz тілшісі.
Осинский зорлық-зомбылық жасаған қыз оқиғаны былай баяндап берді. "Мен үйдің кіреберісіне кіргенімде – ол артымша кірді. Есімде, ол менің ауызымды жауып, қолымнан ұстап алды, мен ол кісіні танымаймын, сол оқиғаға дейін де еш жерден көрген емеспін. Ол маған: "Тыныш, тыныш", деп ауызымды жауып, басымды төмен қарай түсіре бастады",-делінген қыздың берген арызында.
Айыпталушының қорғаушысының ойынша, зорлық жасады деп айту үшін дәлелдер аз, сонымен қатар айыпталушының әйелі, кәмілет жасына толмаған екі баласы және де қолында қартайған анасы бар екендігін айтып соттан жазалауды барынша төмендетуді сұрайды.
"Осинский Владимир Михайловичтің айтуынша, ол болған оқиғаны есіне түсіре алмаған, себебі ол бұрында да байқалғандай есінен адасу естен адасу ауруымен ауырады ", - дейді айыпталушының қорғаушысы.
Естеріңізге сала кетейік, Алматының бір үйінде кіреберісте бақылау камерасына түсіп қалған бейне ролик ғаламторда пайда болған етін. Ол бейнеде ер адам кәмілет жасына толмаған қызға зорлық зомбылық жасамақ болып жатқанын бейнекамера түсіріп алған болатын.
19 мамырда айыпталушы ұсталған. Ол ҚР ҚК 121 бабы 4 тарауы (Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері және Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер олар көрінеу жас балаға қатысты жасалса, – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады) бойынша айыпталуда.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!