Астанада кинотеатр қызметшісіне қол жұмсаған күдікті ер адам ұсталды (ВИДЕО)

Фотография - Астанада кинотеатр қызметшісіне қол жұмсаған күдікті ер адам ұсталды (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде Максим Акбаров шығарған жұртты дүр сілкіндірген видео пайда болды. Онда кинотеатрға келушілердің бірі кассир қызға қол жұмсағаны көрсетілген.

428 0

Әлеуметтік желіде Максим Акбаров шығарған жұртты дүр сілкіндірген видео пайда болды. Онда кинотеатрға келушілердің бірі кассир қызға қол жұмсағаны көрсетілген.

Белгілі болғандай, оқиға Астанадағы Kinopark кинотеатр желілерінің бірінде орын алған. Бұл туралы мекеменің   Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлады.

"Өкінішке орай, ғаламторда тарап кеткен видеожазбадағы оқиға  біздің кинотеатрларымыздың бірінде болған.  Ол қыркүйек айының 14 күні Астана қаласындағы Kinopark 8 SaryArka ойын-сауық орталығында болды. Кейбір әлеуметтік желі қолданушылары оны Алматыда орын алды деп көрсеткен, бұл ақпарат қате. Оқиғаға қатысты арыз Астана қалалық Есіл ауданының ІІБ-на жіберілді. Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

"Астананың аумақтық Ішкі істер басқармасының ақпараты бойынша, 14 қыркүйекте ІІД жедел басқару орталығына 21-жасар қыз қоңырау шалып, белгісіз біреу кинотеатр аумағында жанжал ұйымдастырып қызға қоқан-лоқы кқөрсетіп дене жарақатын салған.

Полиция қызметкерлері оқиға орнына дем арасында жетіп, кінәлі адам ұстаған. Ол 1993 жылғы Тұракелдиев Қуаныш деген азамат болып шыққан. Ол сатушы берген қыздың сусынын лақтырып жіберген.

Аталған факт бойынша Есіл аудандық ІІБ тіркелген. Тергеу жұмыстары жүргізілуде",- делінген хабарламада.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!