Алматы облысында перзентхана медбикесі жаңа туылған нәрестені үш мың долларға сатып жіберген

Фотография - Алматы облысында перзентхана медбикесі жаңа туылған нәрестені үш мың долларға сатып жіберген

Алматы облысында жаңа туылған нәрестені сатып жіберді, деп хабарлайды Today.kz тілшісі Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметшісі Мират Кенжеғұловқа сілтеме жасап.

1190 0

Алматы облысында жаңа туылған нәрестені сатып жіберді, деп хабарлайды Today.kz тілшісі Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметшісі Мират Кенжеғұловқа сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінде мәлімдегендей, Алматы облысындағы көпсалалы клиникалық ауруханасында, Алматы қаласы Әуезов аудандық прокуратурасы жаңа туылған сәбиді сату фактісін анықтаған. Сәбиді перзентхана медбикесі сатқан.
Нәрестені анасына қайтарып берді, ол Өзбекстан азаматшасы екендігі анықталған. Басқада мәліметтер айтылмаған.
"Осы жылдың 20 сәуірінде прокуратура бастамашылық етуімен ҚР ҚК 135 бабы (Кәмілет жасына толмаған балаларды сату) бойынша іс қозғалған. Сол себепті аурухана қызметкері Н. қамауға алынған",-делінген прокуратурада.
Қазіргі уақытта Алматы қаласының ІІД басқада аурухана қызметкерлерінің осындай іске қатысы бар жоғын тексеруде.

фото: Osurgut.com



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!