Алматыда жас қызға тиіскен педофил 15 жылға сотталды (Бейне)

Фотография - Алматыда жас қызға тиіскен педофил 15 жылға сотталды (Бейне)

15 қыркүйекте Алматыда кәмілет жасына толмаған қызға сексуалды сипатта іс әрекет жасағаны үшін айыпталушы Владимир Осинскийдің ісі бойынша Арнаулы ауданаралық сотта сот шешімі шықты, деп хабарлайды Today.kz тілшісі.

464 0

15 қыркүйекте Алматыда кәмілет жасына толмаған қызға сексуалды сипатта іс әрекет жасағаны үшін айыпталушы Владимир Осинскийдің ісі бойынша Арнаулы ауданаралық сотта сот шешімі шықты, деп хабарлайды Today.kz тілшісі.

"Азамат Владимир Осинский, Ялта тумасы, сотталған, жұмыссыз, 16 жасқа толмаған Шилова А.А. қатысты сексуалды сипатта іс әрекет жасағаны үшін кінәлі деп табылды. Айыпталушы жиі естен танып қалатынын алға тартып, өзінің кінәсін мойындаудан бас тартты. Алайда медициналық сараптама жұмыстарының қорытындысы бойынша Осинский ешқандайда аурумен ауырмайды, ал оқиға ішімдіктің әсерінен болған.

Айыпталушыны ҚР ҚК 121 бабы 4 тарауы бойынша кінәлі деп тауып, 15 жылға бас бостандығынан айырып, жазасын қатаң режимдегі колонияда өткізуін және де педагогикалық салада жұмыс жасау құқығынан өмір бақи айырды. Жазаны өтеу жерінде ішімдіктен емделсін", - деді сот Қасым Қалмағамбетов.

Жапа шеккен қыздың анасыда сол жерде болған. "Мен соттың шешімімен келісемін. Біз ешқандай да моральдік, материалдық өтемақы сұраған жоқпыз", - дейді Кравченко ханым.

"15 күннің ішінде сот үкіміне шағым беруге болады, мемлекет кірісіне Осинский 17 854 теңге төлесін", -деді сот Қалмағамбетов.

Естеріңізге сала кетейік,14 қыркүйекте Алматыда кәмілет жасына толмаған қызға сексуалды сипатта іс әрекет жасағаны үшін айыпталушы Владимир Осинскийдің ісі бойынша Арнаулы ауданаралық сотта тыңдалым өтті. Көктемде бұл оқиғаның бейне ролгі ғаламторға шығып, көп дауға ұшыраған болатын.
Осинский зорлық-зомбылық жасаған қыз оқиғаны былай баяндап берді. "Мен үйдің кіреберісіне кіргенімде – ол артымша кірді. Есімде, ол менің ауызымды жауып, қолымнан ұстап алды, мен ол кісіні танымаймын, сол оқиғаға дейін де еш жерден көрген емеспін. Ол маған: "Тыныш, тыныш", деп ауызымды жауып, басымды төмен қарай түсіре бастады",-делінген қыздың берген арызында.
Айыпталушының қорғаушысының ойынша, зорлық жасады деп айту үшін дәлелдер аз, сонымен қатар айыпталушының әйелі, кәмілет жасына толмаған екі баласы және де қолында қартайған анасы бар екендігін айтып соттан жазалауды барынша төмендетуді сұрайды.
"Осинский Владимир Михайловичтің айтуынша, ол болған оқиғаны есіне түсіре алмаған, себебі ол бұрында да байқалғандай есінен адасу естен адасу ауруымен ауырады ", - дейді айыпталушының қорғаушысы.
Естеріңізге сала кетейік, Алматының бір үйінде кіреберісте бақылау камерасына түсіп қалған бейне ролик ғаламторда пайда болған етін. Ол бейнеде ер адам кәмілет жасына толмаған қызға зорлық зомбылық жасамақ болып жатқанын бейнекамера түсіріп алған болатын.
19 мамырда айыпталушы ұсталған. Ол ҚР ҚК 121 бабы 4 тарауы (Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері және Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер олар көрінеу жас балаға қатысты жасалса, – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады) бойынша айыпталуда.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!