Алматы емханасының басшылығы 11 млн. теңгені қолды қылған

Фотография - Алматы емханасының басшылығы 11 млн. теңгені қолды қылған

Алматыда Әуезов ауданының прокуратурасы №10 қалалық емхананың бюджет қаржысынан 11 млн. теңгенің жетіспеушілігін анықтаған

135 0

Алматыда Әуезов ауданының прокуратурасы №10 қалалық емхананың бюджет қаржысынан 11 млн. теңгенің жетіспеушілігін анықтаған. Бұл туралы қалалық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Алдын ала белгілі болғандай, емхана директорының экономикалық мәселелер бойынша орынбасары кассирмен ауыз жаласып, 2014 жылдан бері жұмысшылардың жалған тізімін жасаған. Сол "дәрігерлердің орнына" олар өздері қол қойып, жалақыны қалталарына басып отырған.

Аталған деректер бойынша ҚР ҚК 189-бабы және 369-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Қазір сот шешімімен кассир кепілдікпен босатылса, директордың орынбасары қамауда отыр.

Соталды тергеу жұмыстары жалғасуда.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!