Оралда дүкен тонамақ болған ұры терезеге қыстырылып қалды

Фотография - Оралда дүкен тонамақ болған ұры терезеге қыстырылып қалды

15 қыркүйекке қараған түні екі жас жігіт Орал қаласындағы Циолковский көшесі бойындағы "Анеля" дүкенін тонамақшы болған.

359 0

15 қыркүйекке қараған түні екі жас жігіт Орал қаласындағы Циолковский көшесі бойындағы "Анеля" дүкенін тонамақшы болған.

БҚО ТЖ департаментінен түскен мәліметке қарағанда, олардың біреуі терезені сындырып, ішке кірмек болғанда, қыстырылып қалған. Дәл осы сәтте дүкен жанынан өтіп бара жатқан күзет көлігіндегі полиция қызметкерлері терезе ойығына кептеліп қалған адамды байқайды. Алайда олар темір тор құрсауынан ұрыны босата алмайды. Сөйтіп сағат 03.50-де құтқарушыларды шақыруға мәжбүр болады. Құрамында А.Сошкин, Е.Мешкалиев бар құтқарушылар тобы "Holmatro" гидравликалық құрал-сайманының көмегімен дүкен тонаушыны босатты.

Айта кетейік, полиция қызметкерлері екінші ұрыны да қолға түсірген. Енді олар заң алдында жауап беретін болады. 

 


Тегтер:

Орал ұры

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!