22 тонна жанар-жағар май ұрлаған теміржолшылар ұсталды

Фотография - 22 тонна жанар-жағар май ұрлаған теміржолшылар ұсталды

Ірі көлемде жанар-жағар май ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу барысында Шымкент станциясындағы желілік полиция басқармасының өкілдері темір жолда жұмыс істейтін екі азаматты ұстады

267 0

Ірі көлемде жанар-жағар май ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу барысында Шымкент станциясындағы желілік полиция басқармасының өкілдері темір жолда жұмыс істейтін екі азаматты ұстады. 

Күдіктілер Шымкент станциясында тұрған жүк пойызының цистернасынан 22 тонна 730 кг бензин ұрлағандығын мойындап отыр. Бұл қылмысты екеуі алдын ала сөз байласу арқылы жүзеге асырыпты. Бүгінгі таңда ұрланған жанармай кері қайтарылып, ұсталған азаматтар қамауға алынған. Тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлады baq.kz.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!