"Қазақмыс" кәсіпорындарының бірінде жұмысшы қайтыс болды

Фотография - "Қазақмыс" кәсіпорындарының бірінде жұмысшы қайтыс болды

Кеше "Қазақмыс" компаниясының Сәтбаев қаласындағы "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС Филиалына қарасты "ЭнергоСети" кәсіпорнында жұмысшылардың бірі дене жарақатын алып қайтыс болды.

214 0

Кеше "Қазақмыс" компаниясының Сәтбаев қаласындағы "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС Филиалына қарасты "ЭнергоСети" кәсіпорнында жұмысшылардың бірі дене жарақатын алып қайтыс болды. Бұл жайында компанияның баспасөз қызметі хабарлап отыр.

"Өндіріс жұмыстарын жүргізу кезінде автокран жебесінің құлап түсуіне байланысты гидроцилиндір ұшып түскен. Нәтижесінде ұшқан жебе 1965 жылы туған слесарге келіп құлаған. Алған жарақаттан зардап шегуші оқиға орнында қаза болды" делінген аталған хабарламада.

Қазіргі таңда болған оқиғаны зерттеу үшін арнайы комиссия құрылып, мән-жайды анықтап жатыр. Марқұмның отбасына өтемақы төлеу мәселесі осы комиссия жұмысының барысында анықтаады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!