45 жастағы Шымкент тұрғыны үйінде құны миллион теңге болатын героин сақтаған

Фотография - 45 жастағы Шымкент тұрғыны үйінде құны миллион теңге болатын героин сақтаған

45 жастағы Шымкент тұрғыны героин сақтағаны үшін қамауға алынды, деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметінен

243 0

45 жастағы Шымкент тұрғыны героин сақтағаны үшін қамауға алынды, деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметінен.

Күдікті "Көкнәр-2015" жедел-алдын алу шарасын өткізу кезінде Ворошиловка ауданында ұсталған. 1970 жылғы ер адам есірткі заттарын сақтағаны үшін күдікке  алынып отыр. Ер адамның үйін тінту  кезінде полиция қызметкерлері Эмид лақап аты бар қызметтік иттің көмегімен героинға ұқсас ақ түсті ұнтақ тауып алған.

Сот-медициналық сараптамадан соң тәркіленген ұнтақ салмағы 220 грамм болатын героин екені анықталды. Қара базарда бұндай көлемдегі есірткі заты миллион теңгеге жуық тұрады.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 297-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды, ол 15 жылға дейін мерзімге сотталуы мүмкін. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!