Каспийде оқу-жаттығу барысында мерзімді қызметін өтеуші 4 сарбаз суға батып кетті

Фотография - Каспийде оқу-жаттығу барысында мерзімді қызметін өтеуші 4 сарбаз суға батып кетті

Қорғаныс министрлігінде алдын ала деректер бойынша, оқу-жаттығу барысында мерзімін өтеуші төрт сарбаз суға кеткен жазатайым оқиға жайлы хабарлады

238 0

Қорғаныс министрлігінде алдын ала деректер бойынша, оқу-жаттығу барысында мерзімін өтеуші төрт сарбаз суға кеткен жазатайым оқиға жайлы хабарлады.

"Бүгін, 18 қыркүйекте, Ақтауда «Орталық-2015" оқу-жаттығуының «Орталықазиялық стратегиялық бағытта әскер тобымен операция жүргізу» 2-ші кезеңінің «теңіз десантын түсіру және плацдармды бұғаттау» эпизоды барысында теңізге 6 бірлік БТР-80 мен 52 әскери қызметші шықты. Теңіз бойынша 150 метрді еңсерген кезде қатты жел салдарынан толқын жоғары көтеріліп, 4 бірлік БТР-80 суға батып кетті. Екі бірлік техника өз күшімен жағалауға жетті. Алдын ала дерек бойынша, мерзімді қызметтің 4 әскери қызметшісі суға кетті", - делінген хабарламада.

ҚР Қорғаныс мминистрі Иманғали Тасмағамбетов ҚР Қорғаныс министрлігі Бас инспекциясына арнайы топ құрып, оқиғаның мән-жайы мен егжей-тегжейін толықтай анықтау үшін оқиға орнына жедел ұшып жетуге тапсырма берді. Бұл жағдайды ҚР Қорғаныс министрі өз бақылауына алды.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!