И.Тасмағамбетов Ақтаудағы қайғылы оқиға орнына барды

Фотография - И.Тасмағамбетов Ақтаудағы қайғылы оқиға орнына барды

Бүгін ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов Ақтауға оқиға орнына ұшып барды

248 0

Бүгін ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов Ақтауға оқиға орнына ұшып барды. Алдымен министр өзінің және Қорғаныс министрлігінің атынан қаза болғандардың жақындары мен туысқандарына көңіл айтып, әскери қызметшілердің денесін жеткізуге әскери-көлік авиациясының ұшақтарын бөлу және олардың отбасына материалдық көмек көрсету жөнінде нұсқау берді.

Арнайы өткізілген жиында Қорғаныс министрлігі Бас инспекциясының бастығы генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов Министрге төрт әскери қызметшінің қазасына әкеп соқтырған оқиғаны тексерудің алдын-ала қорытындысын баяндады. Алғашқы тексеру нәтижелері көрсеткендей, аталған қайғылы оқиға десантты-түсіру құралдары жоқ кезде теңіз десантын түсіру практикалық эпизодын орындау барысында дұрыс шешім қабылдамау салдарынан орын алғандығы анықталды. 

Сондай-ақ, Қорғаныс министрі арнайы комиссияға қызметтік тексеру жүргізуді тапсырып, әскери қызметшілердің өмірі мен қауіпсіздігіне жауапты кінәлі лауазымды тұлғаларды анықтауды тапсырды.

Еске сала кетейік, 18 қыркүйекте, Ақтауда "Орталық-2015" оқу-жаттығуының «Орталықазиялық стратегиялық бағытта әскер тобымен операция жүргізу" 2-ші кезеңінің "теңіз десантын түсіру және плацдармды бұғаттау" эпизоды барысында теңізге 6 бірлік БТР-80 мен 52 әскери қызметші шықты. Теңіз бетімен 150 метрді еңсерген кезде қатты жел салдарынан толқын жоғары көтеріліп, 4 бірлік БТР-80 суға батып кетті. Екі бірлік техника өз күшімен жағалауға жетті. Алдын ала дерек бойынша, мерзімді қызметтің 4 әскери қызметшісі суға кеткен, деп жазды ҚазАқпарат.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!