Ақтауда қаза тапқан сарбаздар жанұясына 2,5 млн теңге қаржылай көмек көрсетіледі

Фотография - Ақтауда қаза тапқан сарбаздар жанұясына 2,5 млн теңге қаржылай көмек көрсетіледі

Ақтаудағы оқиға егжей-тегжейлі сарапталады. Және қозғалған қылмыстық іс Қорғаныс министрінің тікелей бақылауында болады.

157 0

Ақтаудағы оқиға егжей-тегжейлі сарапталады. Және қозғалған қылмыстық іс Қорғаныс министрінің тікелей бақылауында болады. Ресми дерек көздері осындай мәлімет ұсынды. Қаза тапқан сарбаздар жанұясына 2,5 миллион теңге қаржылай көмек көрсетіледі.

Айта кетейік, Ақтау гарнизонындағы оқу-жаттығулар барысында 25/744 әскери бөлімінің төрт әскери қызметкері қайтыс болып, жарақат алған еді. Оқиғаның себебін анықтау үшін Бас әскери прокуратураның арнайы прокурорының басқаруымен жедел-тергеу тобы құрылды. Қазіргі уақытта Қылмыстық Кодекстің 456-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

– Қаза болған әскерилердің отбасына 2 ай ішінде 1 реттік өтемақы төленеді. Бірақ Қорғаныс министрінің тікелей тапсырмасымен бойынша, аталған жәрдемақы осы аптаның ішінде ешбір кедергісіз төленетін болады. Бұған қоса, материалдық көмек ретінде әрбір отбасы миллион теңгеден алды, – дейді ҚР ҚМ департамент жетекшісі Жанар Колбачаева.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!