Қарағанды облысында жол талғамайтын көлік көпір бағанына соғылып, екі адам қаза тапты

Фотография - Қарағанды облысында жол талғамайтын көлік көпір бағанына соғылып, екі адам қаза тапты

Қарағанды облысында "Қарағанды-Теміртау" автожолында "Митцубиси Монтеро спорт" көлігі апатқа ұшырап, салдарынан екі адам қаза тапты

229 0

Қарағанды облысында "Қарағанды-Теміртау" автожолында   "Митцубиси Монтеро спорт" көлігі апатқа ұшырап, салдарынан екі адам қаза тапты. Бұл туралы өңірдің ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

"21 қыркүйекте кешқұрым Теміртауға екі шақырым жерде "Митцубиси Монтеро спорт" көлігінің 38 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, көпірдің бетон бағанына барып соғылды. Апат салдарынан алынған ауыр жарақаттан жүргізуші мен оның жолаушысы  оқиға орнында жан тапсырды", - делінген хабарламада.

ЖКО фактісі бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сот алды тергеу жүргізілуде. Барлық қажетті сараптама тағайындалды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!