Алматыда трамваймен болған ЖКО-да зардап шеккен әйелдің бірі реанимацияда жатыр

Фотография - Алматыда трамваймен болған ЖКО-да зардап шеккен әйелдің бірі реанимацияда жатыр

Апат болған күні әйелді мыжылған көліктен алып шыққан

471 0

Алматыда трамвайдың қатысуымен болған апаттан зардап шеккен әйелдің бірі жансақтау бөлімінде, деп хабарлайды Today.kz Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасының бас хирургы Нұржан Исабековке сілтеме жасай отырып.

"Ең ауыр жағдайдағы пациент – 33 жастағы әйел адам, оның жағдайы бір қалыпты ауыр, оң динамикада.  Пациентте омыртқаның жабық жарасы, омыртқа жұлыны қозғалып кеткен және ет жарақаттары бар, ол жансақтау бөлімінде", - деді Исабеков. Сонымен бірге оны мыжылған көліктен алып шыққанын және оған ота жасалғанын да айта кетті.

Соымен қоса, өзге де ауруханаға жеткізілген – 33 жасар ер адам мен 54 жаар әйел аурухана бөліміне ауыстырылған.

"Ауруханаға жалпы бес адам жеткізілді. Екеуі Қалалық шұғыл-жедел көмек көрсету ауруханасына, бір адам Орталық клиникалық ауруханаға, тағы біреуі №4 қалалық ауруханаға және тағы біреуі №7 қалалық ауруханаға жеткізілген. Жеткізілгендерден екі адам ауруханаға жатқызуға керек болмағандықтан үйге жіберілді", - дейді Денсаулық сақтау басқармасынан.

Естеріңізге салсақ, апат Алматыда 21 қыркүйекте орын алды. Басқарусыз трамвай Байтұрсынұлы көшесімен солтүстік бағытта жүріп бара жатып 14 көлікке соқтығысқан.

Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Мұның алдында басқарусыз жүрген трамвайдың бейнесі Ғаламторда пайда болған болатын.

"Алматыэлектротранс" ЖШС-нда трамвайдың әйел жүргізушісі ЖКО күні емтихан тапсырған және келесі күні жолға шығу керек болған. Кәсіпорында жеке ішкі тергеуін бастады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!