Полицейлер Алматыда болған ЖКО-ға қатыстары жоқ екенін айтты

Фотография - Полицейлер Алматыда болған ЖКО-ға қатыстары жоқ екенін айтты

Алматының ІІД ЖКО ұшыраған трамвайдың оқиға болғаннан бірнеше уақыт бұрын полиция қызметкерлері трамвайды жолдан алып тастасын деген сөзді жоққа шығарды, деп хабарлайды Today.kz ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

522 0

Алматының ІІД ЖКО ұшыраған трамвайдың оқиға болғаннан бірнеше уақыт бұрын полиция қызметкерлері трамвайды жолдан алып тастасын деген сөзді жоққа шығарды, деп хабарлайды Today.kz ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"БАҚ та шыққан ақпарат бойынша, ірі жол апатына ұшыраған вагон жүргізушісіне полиция қызметкерінің бұйрығымен тежегішті босатуын талап еткен деген ақпаратты Алматы қалалық Ішкі істер департаменті жіті тексерген. Оның қорытындысы бойынша трамвай ДЕПО қызметкерлеріне ішкі істер қызметкерлерінің ешқайсысы трамвайды жолдан алып тастауын бұйырмаған", - дейді ІІД-дегілер.

"По факту появления в СМИ информации о том, что трамвай, участвовавший в крупном ДТП, вагоновожатые сняли с тормоза по требованию полиции, Департаментом внутренних дел города Алматы была проведена проверка. По ее результатам установлено, что к сотрудникам трамвайного ДЕПО с просьбой освободить проезжую часть никто из сотрудников органов внутренних дел не обращался", - заявили в ДВД.

ІІД мәліметіне қарағанда, "бұл ақпарат вагон жүргізушісінің берген мәлімдемесімен және Алматы қалалық ІІД жедел әрекет ету Орталығының бақылау жүйесіндегі аппараттардан алған. Ол құрылғы GPS арқылы әр патрульдің қай жерде жүргендігін анықтайды".

Қалалық полициядағылардың айтуынша ең бірінші "102" түскен мәлімет 11 сағат 22 минутта Шевченко көшесінің бойында трамвай жүргізушісіз қозғалып бара жатқандығы туралы ақпарат түскен.

Сотқа дейінгі тергеу  жұмыстары әліде жалғасуда.

Ертеректе, ШЖҚ "Алматыэлектротранс" трамвай жүргізушісі түтіннің иісі шыққандықтан жолаушыларды трамвайдан жедел түрде шығарып және де полиция қызметкерлері трамвайды жолдан алып тастауын талап етті, деген хабарлама таратқан болатын.

Естеріңізге сала кетейік,Алматыда трамвайдың қатысуымен ірі жол-көлік оқиғасы болған. Оқиға Қарасай батыр мен Байтұрсынов көшелерінің қиылысында орын алған. Және де сол жол апатынан зардап шеккен әйелдің бірі жансақтау бөлімінде жатқандығын хабарлаған болатынбыз.

 

 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!