Алматыда Горький паркінде "Паровоз" атракционы баланы қағып кеткен (бейне)

Фотография - Алматыда Горький паркінде  "Паровоз" атракционы баланы қағып кеткен (бейне)

Зардап шеккен бала емделіп жатыр

253 0

Алматыда Горький атындағы демалыс паркінде болған оқиғаның мән-жайы белгілі болды. "Паровоз" атракционы баланы қағып, басып кетті, деп хабарлайды Today.kz ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл мен ақпарат департаментінің директоры Алмас Саудабаевқа сілтеме жасай отырып.

"Биылғы жылдың 31 тамызында  Алматының Медеу ауданының ІІБ-на Горький атындағы саябақта баланың дене жарақаттарын алғаны туралы хабар келіп түсті. Аталған факт ҚР ҚК 156-бабының 1-тармағы "Еңбекті қорғау ережелерін бұзу" бойынша  Сотқа дейінгі бірыңғай тізімге тіркелді", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, зардап шеккен баланың анасы ешкімге шағымы жоқтығын айтты. Сонымен бірге, баланың емі аяқталған соң, іс бойынша процесуалдық шешім шығару үшін медециналық құжаттар алынып, сот-медециналық сараптама тағайындалады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!