Өзбекстаннан 21 тонна шаян тұқымын заңсыз алып өтпек болған күдікті ұсталды

Фотография - Өзбекстаннан 21 тонна шаян тұқымын заңсыз алып өтпек болған күдікті ұсталды

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің өкілдері "Оазис" шебінде контрабандалық жолмен жүк тасымалдаған азаматты қолға түсірді

232 0

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің өкілдері "Оазис" шебінде контрабандалық жолмен жүк тасымалдаған азаматты қолға түсірді. 

Шекарашылар Өзбекстаннан Қазақстанға бет алған "КамАЗ -5320" жүк көлігін тексеру үшін тоқтатып көрмек болған. Алайда, көлік жүргізушісінде жүктің заңды тасымалданғанын растайтын құжаттары болмаған. Тіпті, жеке басының да төлқұжаты болмапты. Ал, жүк көлігінен шекарашылар 600 қапқа салынған 21 тонна шаян тұқымын тәркіледі. Тауардың жалпы құны 84 миллион теңгені құрап отыр.

Қазіргі таңда бұл іспен құқыққорғаушылар айналысуда.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!