Астанада 13 жасар қыз жоғалып кетті

Фотография - Астанада 13 жасар қыз жоғалып кетті

Ақмола облысының Аршалы аудандық ІІБ-ға осыдан тура бір ай бұрын – 25 тамызда ізім-ғайып жоғалып кеткен 13 жасар Томирис Орынбаеваның туған-туысқандары жүгінген

752 0

Ақмола облысының Аршалы аудандық ІІБ-ға осыдан тура бір ай бұрын – 25 тамызда ізім-ғайып жоғалып кеткен 13 жасар Томирис Орынбаеваның туған-туысқандары жүгінген. Олар қыздың хабар-ошарсыз кетуіне әлеуметтік желі арқылы танысқан ересек ер адамның қатысы болуы мүмкін деп күдіктенуде.

Астана қаласының тұрғыны Әсел Рақышева Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына оқушының жоғалып кеткені туралы ақпаратты орналастырған.

"Бұл ақпаратты кеңінен таратуды сұраймын. Томирис – менің сыныптасымның қарындасы", - деп жазған бойжеткен.

Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі Гүлнара Пинчуктің ақпаратынша, 2002 жылғы Томирис Орынбаева 24 тамыз күні жоғалып кеткен.

"25 тамыз күні таңертең Аршалы аудандық ІІБ-ге Томиристің ағасы жүгінеді. Ол 24 тамызда түскі бірлер шамасында қыздың Аршалы ауданының Сарыоба кентінен Астанаға жол тартқанын айтты. Елордаға келісімен ол «Шапағат» аялдамасынан түсіп қалады, қасында 35-40 жастағы ер адам болған екен. Осыдан кейін қызбен байланыс мүлдем үзілген", - деп баяндап берді істің мән-жайын Г.Пинчук.

Бойы 155-160 см, толықша келген, шашы қара және ұзын, мұрнының сол жағында мең бар. Ата-анасының айтуынша, Томиристің үстінде сары копюшоны бар көк түсті спорттық костюм, көк түсті трико, қызыл жолағы бар қара аяқ киім болған.

Егер кімде-кім 13 жасар Томиристі көрген болса, мына нөмір арқылы туған-туысқандарына хабар бере алады: 8 775 517 85 55, 8 775 117 32 89.

Полицейлер өз телефон нөмірлерін көрсетті: 8 716 2 29 10 09, 29 11 14, 29 10 56, 8 705 424 10 64.

Қыздың ата-анасы Томиристің соңғы кездері әлеуметтік желі арқылы танысқан ер адаммен араласып жүргенін айтты.

 

BNews.kz

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!