Алматы облысында ер адам 52 келі есірткімен ұсталды

Фотография - Алматы облысында ер адам 52 келі есірткімен ұсталды

Алматы облысы Жамбыл аудандық сотының тергеу судьясы азамат Т.Цойға қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау бұлтартпау шарасын санкциялады.

187 0

Алматы облысы Жамбыл аудандық сотының тергеу судьясы азамат Т.Цойға қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау бұлтартпау шарасын санкциялады. Ол ҚР ҚК-нің 296 бабының, 4 бөлігінде қарастырылған (Аса ірі көлемдегі есірткіні өткізу мақсатынсыз заңсыз тасымалдау) қылмысты жасады деген күдікке ілініп отыр.

Бұл туралы Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Т.Цой Алматы-Бішкек  жолында 52 кг 431 грамм салмағы бар есірткі затын (марихуана) тасымалдау кезінде құқық қорғау органдары қызметкерлеріне ұсталған.

Сот Т.Цой заңмен 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы  қарастырылған қылмысқа күдікті екенін, оның бостандықта жүріп, тергеу мен сот органдарынан жасырынуы және істің объективті тергелуіне келтіруі мүмкін екендігін ескере отырып, оған қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!