Шымкентте жеткіншектер өз құрдасын өлтіру үшін қылмыстық авторитетке жүгінген

Фотография - Шымкентте жеткіншектер өз құрдасын өлтіру үшін қылмыстық авторитетке жүгінген

Шымкентте колледж студенттері қылмыстық көшбасшының қолдауымен жаппай төбелес кезінде өз құрдастарын өлтіріп тастады.

301 0

Шымкентте колледж студенттері қылмыстық көшбасшының қолдауымен жаппай төбелес кезінде өз құрдастарын өлтіріп тастады.

Бұл туралы "Караванға" сілтеме жасап nur.kz хабарлайды.

Екі оқу орнының студенттері арасындағы жанжал бірнеше айға созылған.

Кезекті төбелес кезінде жеңіліп қалған студенттердің бір тарабы кек алу үшін қылмыстық авторитеттің көмегіне жүгінуге бел буған. Белгісіз біреу оларға ақшаларын алып, "Волк" лақап атымен танымал қылмыс ортасының беделдісіне баруына кеңес берген.

Жігіттер ақша жинап, 20 жастағы "Волк" лақап атымен белгілі Л.М-ге барады. "Ақысын" алған "Волк" студенттерге шолақ мылтық алып келуге бұйырып, бір топ жеткіншектермен қайта төбелес ашуға аттанады.

Келісілген күні Волкпен бірге үш белсенді ата-анасына тиесілі "Мерседеске" мініп, колледжге бағыт алады. Олардың бірі сөмкесіне оқталмаған мылтық салып алған. Өз қарсыластары джипке мінгенін байқаған жеткіншектер олардың ізіне түседі.

Джип қала шетіне шыға бергенде "Волк" оның жолын кесуге бұйырады. Ол өзі оқ атпайтынын алға тартады.

"Өзің барып, қарсыласыңды өз қолыңмен жазалайсың, әлде сен жігіт емессің бе", – дейді Волк жеткіншектердің біріне.

Көліктен шыққан қарсыластарына оқ жаудырған жеткіншектер 18 жастағы студентті сол жерде өлтіріп тастайды. Қаза болғанның өкпесі мен бауырын оқ тесіп, қабырғалары сынған. Тағы екеуін оқ тек жанап қана өткен.

Оқ жаудырғандар көп ұзамай құрықталды. Волк өзінің атысқа еш қатысы жоқтығын айтып, көлікте жай ғана отырғанын алға тартқан. Алайда сот оны кінәлі деп тауып, 15 жылға қатаң режимдегі колонияда бас бостандығынан айырды.

Өзге екі 17 жастағы студенттер шартты мерзімдер алды.

Басты күдікті бір жыл бойы жасырынып жүрді. Оны ақыры құрықтап, 12 жылға қасақана адам өлтіргені үшін түрмеге тоғытты.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!