Алматы облысының үш тұрғыны ойын автоматтары салонын тонағаны үшін ұсталды

Фотография - Алматы облысының үш тұрғыны ойын автоматтары салонын тонағаны үшін ұсталды

Іле ауданының Боралдай ауылында тонаушылық фактісі тіркелді, кеше үш белгісіз адам ойын-сауық орындарының бірінде ойын автоматтарын бұзған.

216 0

Іле ауданының Боралдай ауылында тонаушылық фактісі тіркелді, кеше үш белгісіз адам ойын-сауық орындарының бірінде ойын автоматтарын бұзған.
Облыс ІІД баспасөз қызметінен хабарлағанындай, оператор-әйелге күш көрсетіп, үш ер адам автоматтың ақша алатын тетігін бұзып, 6,5 мың теңгені қалтаға басқан. Әйелдің көмекке шақырған дауысын естіген мекеме қызметкерлері тонаушылардың біреуін қолға түсірді. Шақырумен келген полицейлер маңайдағы орамдарды сүзіп өтіп, қашып кеткен екі күдіктіні ұстады.

Тонаушылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!