Алматыда дрифт жасағандармен қоса тағы үш жүргізушіге айыппұл салынды

Фотография - Алматыда дрифт жасағандармен қоса тағы үш жүргізушіге айыппұл салынды

Полицияның мәліметі бойынша олардың барлығы той картеджімен бірге жүрген

284 0

Алматыда Әл-Фараби даңғылында қауіпті дрифт жасағандар ҚР ӘҚБК-нің жетінші бабы бойынша айып тағылды, деп хабарлайды Today.kz қалалық ІІД-не сілтеме жасай отырып.

Әкімшілік полиция басқармасының мәліметтері бойынша "Lexus IS" көлігін басқарған 1989 жылы туған азамат, келесідей құқық бұзушылық үшін әкімшілік жазаға тартылды: ҚР ӘҚБК 606-бабының 1-тармағы жол жүрушінің апаттық жағдай туғызатындай жол ережесін бұзуы,  ҚР ӘҚБК 614-бабы – көліктерге бөгет жасау және 590-баптың 1-тармағы мемлекеттік тіркеу нөмірлері оқылмайтын көлікті басқару.

Дрифт жасаушы екніші 1992 жылы туған азаматқа қарасты жоғарыда аталған баптар бойынша және қосымша 601-баптың 1 тармағыжол белгілерін елемеу бойынша протокол толтырылды.

Сондай-ақ, ҚР ӘҚБК 614-бабы көлік құралдарына бөгет жасау бойынша той кортеджінің тағы үш көлігіне де әкімшілік жаза қолданылды.

Естеріңізге салсақ, Instagram-дағы қазақстандық "За тебя, Баке" паблигінде Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында екі автокөлік экстрималды бұрылыс жасаған бейнеролик пайда болған болатын. Кейін көлік иелері ұсталған еді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!