Өскеменде ер адам туған анасын өлтіру үшін 500 мың теңгеге киллер жалдаған

Фотография - Өскеменде ер адам туған анасын өлтіру үшін 500 мың теңгеге киллер жалдаған

Өскемен сотында киллерге 500 мың теңге төлеп, туған анасын өлтірген А. Цуканов пен өзге үш ер кісі жауапқа тартылды.

311 0

Өскемен сотында киллерге 500 мың теңге төлеп, туған анасын өлтірген А. Цуканов пен өзге үш ер кісі жауапқа тартылды. Бұл туралы timeskz.kz-ке сілтеме жасап nur.kz хабарлайды.

Іс материалдарына сәйкес, 2015 жылдың сәуірінде Цуканов анасы С. Цуканованы 7 пәтерін өзі иелену мақсатында өлтіру үшін жендет жалдауға кіріскен.

Ол өз танысы К. Болмазовқа анасын өлтіру үшін 500 000 теңге беретінін айтқан. Ақшаға құныққан азамат бұл ұсынысты қабылдайды. Одан бөлек танысы А. Михеевтен тағы бір адам өлтірушіні тауып беруін сұраған. Тапқан жағдайда жарты миллион теңге беруге уәде берген. Михеев О. Левковицкий деген танысы 500 000 теңгеге өлтіруге әзір екенін айтқан.

Жоспар бойынша Цуканов Левковицкийге өз киімі мен пышақты беріп, өзінің қылмысқа қатыссыз екенін дәлелдей алу үшін әжесінің саяжайына кетіп қалады.

Левковицкий С.Цукановаға хабарласып, пәтерді жалға алуға ниетті екеніне сендірген.

Левковицкий, Болмазов пен Михеев жалға берілетін пәтерге келеді. Екеуі сыртта қалып, Левковицкий әйелмен пәтерге кіреді. Ол әйелге тап беріп, оған пышақ салады. Алған жарақаттан әйел оқиға орнында қаза болды.

"Сот үкімімен төртеуі де кінәлі деп танылды. Өлтіруші Левковицкий 16 жылға бас бостандығынан айырылды. Қалғандары 15 жылға түрмеге тоғытылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ", – дейді ШҚО сотының баспасөз қызметі.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!