Астанадағы VIP-кортеж лауазымды шенеуніктің ұлының тойын тойлаған

Фотография - Астанадағы VIP-кортеж лауазымды шенеуніктің ұлының тойын тойлаған

Ведомствода аталған факт бойынша қызметтік тергеу жүргізілуде

431 0


Астанада дөрекі түрде жол ережелерін бұзған той кортежінің қатысушылары, Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Балташевтың ұлының тойына қонақ болып келгендер. Бұл туралы Today.kz сайтының ресми сұранысына ҚР ІІМ баспасөз қызметінен хабарлады.

"Жол ережелерін бұзған үшін Астанадғы той кортежінің қатысушылары - жалданған көлік жүргізушісі мен тойын өткізген Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Балташевтың ұлының таныстары әкімшілік жауапқа тартылды",- делінген хабарламада.

Аталған факт бойынша қазір қызметтік тергеу жүріп жатқаны аталып өтті, оның нәтижесі қосымша хабарланады.

Айта кетейік, Астанада той кортежі жасаған жол ережесін бұзушылықтар 26 қыркүйекте ғаламторда пайда болған. Кейін полиция хабарлағандай бейнероликтегі құқық бұзушылардың бәріне айыппұл салынды. Кортеждің 10 жүргізушісіне 21 протокол толтырылды. Салынған айыппұл көлемі жарты миллион теңге. Сонымен қоса, қарсы жолаққа шығып кеткен төрт жүргізуші бір жылға дейін жүргізуші құқығынан айырылуы мүмкін.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!