Land Cruiser көлігімен баланы қағып өлтірген әйелдің соты қазан айының ортасында басталады

Фотография - Land Cruiser көлігімен баланы қағып өлтірген әйелдің соты қазан айының ортасында басталады

Астанада адам өліміне әкеліп соқтырған іс бойынша сот тыңдауы 12 қазанда басталады, деп хабарлайды қалалық соттың баспасөз қызметінен.

161 0

Астанада адам өліміне әкеліп соқтырған іс бойынша сот тыңдауы 12 қазанда басталады, деп хабарлайды қалалық соттың баспасөз қызметінен.

Астана қаласындағы  №2 Алматы аудандық соты ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігімен ("жол қозғалысы ережелерін бұзу немесе көліктік құралдарды пайдаланушы тұлғалардың көліктік құралдарды пайдалану ережелерін бұзу") қарастырылған қылмысты жасағаны үшін айыпталып отырған азаматшаға қатысты қылмыстық істі қарастырып жатыр.

Аталған іс бойынша сот отырысы 2015 жылдың 12 қазанына белгіленген.

Еске сала кетейік, 25 мамыр күні күндізгі сағат 12-нің шамасында Астана қаласының 32 жастағы тұрғыны Toyota Land Cruiser Prado маркалы көлікпен Иманов көшесімен жүріп келе жатып, Қажымұқан-Сәтбаев көшелерінің қиылысында оң жаққа бұрыларда жаяу жүргіншілерге арналған жолмен келе жатқан 11 жасар баланы қағып кетті. Жол-көлік апаты салдарынан жасөспірім алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. 

 

 


Тегтер:

сот Астана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!