Шымкентте мектеп директорының орынбасары оқушыны соққыға жықты

Фотография - Шымкентте мектеп директорының орынбасары оқушыны соққыға жықты

Шымкенттегі Мәртөбе аудандық мектебінде мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары оқушыны соққыға жықты.

434 0

Шымкенттегі Мәртөбе аудандық мектебінде мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары оқушыны соққыға жықты, - деп хабарлайды Otyrar.kz. Оның мұндай іске баруына оқушының мұғалімнен үй тапсырмасын қайталауын сұрауы себеп болған.

11-ші сынып оқушысы Дәулет Құлтайдың айтуынша, мұғалім алғашында оны оқушылардың көзінше ұрған, кейін көшеге шығарып алып тағы да соққы беріпті.

"Мен; Аға, не үшін ұрып жатырсыз? - деп сұрадым. Ол сонда да көшеге шығарып алып ұруын жалғастырды. Мен қабырғаға басыммен соғылып, ес-түзсіз қалдым", - деді оқушы.

Мұғалімнің әріптесінің айтуынша, ол мұндай қадамға алғаш рет бармаған. Білім мекемесінің басшылығы оқиғаның тексеріліп жатқанын хабарлады.

"Толық тексергеннен кейін біз мұғалімге қандай жаза қолдану керегін шешеміз. Қазір бұл іспен Қаратау аудандық прокуратурасы айналысып жатыр", - деді мектеп директоры Гүлмира Әбетаева.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!