Танысын өлтірген 24 жастағы ОҚО тұрғыны 15 жылға бас бостандығынан айырылды

Фотография - Танысын өлтірген 24 жастағы ОҚО тұрғыны 15 жылға бас бостандығынан айырылды

Оңтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кісі өліміне байланысты 1991 жылы туылған Н.Русинге қатысты қылмыстық ісі қаралды

432 0

Оңтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кісі өліміне байланысты 1991 жылы туылған Н.Русинге қатысты қылмыстық ісі қаралды. Бұл туралы ОҚО сотының баспасөз қызметінен хабарлады.

Тергеу материалдарына сәйкес, 2015 жылдың 26 мамырынан 27 мамырына қараған түні Н.Русиннің жұмыс орынына (жанармай бекеті) оның таныстары келіп, олар бірге спирттік ішімдік ішкен.

Ішімдік ішу барысында Н.Русин мен Я.Хасановтың араларында жанжал туындаған. Осыдан кейін Н.Русин операторлар бөлмесінде ұйықтап қалған Я.Хасановқа кек сақтап, басына қатты затпен бірнеше рет соққылар жасаған, сондай-ақ оны қасақана өлтіру мақсатында бөлмеге өрт қойған. Нәтижесінде Я.Хасанов көміртегі тотығынан уланып қаза болды.    

Соттың үкімімен Н.Русин тағылған айып бойынша кінәлі деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын түзеу колониясының қатаң режимінде өтеу белгіленді.

Үкім заңды күшіне енбеген.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!