ҚР ІІМ тойды мәдениетті тойлауға шақырды

Фотография - ҚР ІІМ тойды мәдениетті тойлауға шақырды

Игорь Лепеха қарауындағы қызметкердің жұмыстан кетуі туралы айтып берді

288 0

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеха өзінің орынбасары Бақытжан Балташевтің Астанадағы ұлының тойынан кейін ішкі істер органдарынан босатылуы жайында айтып берді, деп хабарлайды Today.kz тілшісі.

ҚР ІІМ ӘПК басшысының айтуынша, полиция полковнигі өз еркімен жұмыстан кетті.

"Ол офицер ретінде ретінде өзі келіп, өз еркімен рапорт жазды. Кеше ол жұмыстан босатылды. Барлық жүргізушілердің амалын сот қарастырады. Онда барлық бұзушылықтар бойынша хаттамалар толтырылды. Өкінішке қарай, бізде той кортеждері жол ережелерін жиі бұзады, бір жерде қатты кетеді,кейде басқаша. Біз бұл жұмысты үнемі жүргіземіз, кортеж қатысушыларын жауапқа тартамыз. Этникалық түсініктер бары түсінікті – адамдардың тойын бұзғың келмейді, дегенмен, біз бұл жұмысты жүргіземіз", - дейді Игорь Лепеха

Бұдан басқа, қазақстандықтар барлық бұзушылықтар анықталып, жауапқа тартылатынын түсіну керектігін және бұндай шараларды мәдениетті түрде тойлауға көшу керектігін атап өтті.

Естеріңізге салсақ, ұлының тойынан кейін ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Балташев жұмыстан кетті. Мұның алдында жол ережелерін дөрекі түрде бұзған VIP-кортеж түсірілген бейнеролик ғаламторда пайда болған болатын. Көлік иелері ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Балташевтың ұлының тойына қонақ болып келгендер еді. Кейін шулы роликтің қатысушыларының бәрі анықталып, оларға жалпы жарты миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Төрт жүргізуші бір жылға жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін. VIP-кортеж қатысушыларына қатысты сот 1 қазанға белгіленді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!