Бесінші қабаттан анасы тастап жіберген сәбидің іш құрылысы түгел жарақаттаған

Фотография - Бесінші қабаттан анасы тастап жіберген сәбидің іш құрылысы түгел жарақаттаған

Хирург Жадыра Құлмамырова мен оның 1,5 жасар қызының жағдайы туралы айтып берді

271 0

Жадыра Кұлмамырова денсаулығы жақсарғанына байланысты 25 қыркүйекте Алматының орталық клиникалық ауруханасынан №1 қалалық клиникалық ауруханасына ауыстырылды, деп хабарлайды Today.kz Алматының денсаулық сақтау басқармасының бас хирургы Нұржан Исабековке сілтеме жасай отырып.

"Қазіргі кезде пациенттің жағдайы орташа ауырлықта, тұрақты, есін жиды. Екі операция жасалды. Ол тәулік бойы медицина қызметкерлері мен полиция конвойының бақылауында", - дейді Нұржан Исабеков

Алайда хирург Жадыра Құлмамырованың психикалық жағдайы туралы ештеме айтпады.

Құлмамырованың 1,5 жасар қызы оңды динамикаға байланысты 29 қыркүйекте №2 Қалалық клиникалық балалар ауруханасына ауыстырылды. Осы уақытқа дейін балаға консервативті және симптоматикалық ем жүргізілді.

"Диагноз жабық бас ми жарақаты, бас миының ауыр жарақаты, шүйде сүйегінің сынығы, бас миының ісігі, кеуде жарақаты, өкпе, жүрек, іш, бет, дене, бел, қол-аяқ жарақаты, басы көп жерден тырналған және жарақат алған, екінші және үшінші деңгейлі травмалық шок", - дейді дәрігер.

Естеріңізге салсақ, 33 жасар Жадыра Құлмамырова мен оның қызы 5 қыркүйекте Сайын көшесінде болған қайғылы оқиғадан кейін ауруханаға түсті. Құлмамырова көпқабатты үйдің терезесінен кәмелетке толмаған қыздарын лақтырып жіберген болатын, оның бірі 8 жасар Айша Көкенай оқиға орнында қайтыс болды. Артынша Жадыра Құлмамырова өзі де бесінші қабаттан секірген.

Әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оған "Қылмысқа дайындалу және қылмыс жасау оқталу" және "Өлтіру" бабы бойынша айып тағылды. 12 қыркүйекте Бостандық ауданының №2 соты Құлмамырованы екі айға тұтқындауға санкция берді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!