Астанадағы VIP-кортеж қатысушылары сот алдына келді

Фотография - Астанадағы VIP-кортеж қатысушылары сот алдына келді

Төрт адам жүргізу құқығынан айырылды

343 0

Астана қаласының Ауданаралық арнайы әкімшілік сотының шешімімен экс-шенеунік Бақытжан Балташевтің ұлының тойындағы VIP-кортеждің төрт қатысушысы жүргізу құқығынан айырылды, деп хабарлайды Today.kz тілшісі.

Құқық бұзушының бірі сот отырысына келмеді.

Судья Құралай Архабаева "Мерседес-Бенц 500" ("Гелендваген") маркалы автокөлігінің жүргізушісі  1993 жылы туған Қанат Ахметовты, "Мерседес-Бенц w222" көлігінің жүргізушісі 1992 жылы туған Төлеген Әбиевті, Lexus LX 570 жүргізушісі 1994 жылы туған Сержан Маулен және дәл осындай маркалы көліктің жүргізушісі 1992 жылы туған Мақсат Рамазантегіне қатысты жүргізу құқығынан бір жылға айыру жазасын қолданды.

Сот отырыс кезінде құқық бұзушылардың барлығы жұмыссыз екені анықталды. Мұның алдында ешбірі әкімшілік жазаға тартылмаған.

Полицейлердің бірінің айтуынша, кортеж жол қиылыстарында жол ережелерін бұзбаған, өйткені ІІД ЖБО камералары барын білген. Сондықтан бұзушылықтарды бір қиылыстан екіншісіне дейінгі аралаықта жасаған.

Еске салсақ, той кортежінің жол ережелерін дөрекі түрде бұзғаны бейнеленген таспа ғаламторға 26 қыркүйекте орналастырылған. Кейін ІІД шулы бейнежазбаға қатысушылардың барлығына айыппұл салынғанын хабарлады.

Тоғыз адамға қатысты 21 хаттама толтырылып, айыппұлдың жалпы көлемі жарты миллион теңгені құрады.


Тегтер:

сот VIP-кортеж

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!