Балаларын бесінші қабаттан тастап жіберген Құлмамырова шизофренияға шалдыққан

Фотография - Балаларын бесінші қабаттан тастап жіберген Құлмамырова шизофренияға шалдыққан

Бұл туралы Today.kz-ке ақпараттанған мәліметші хабарлады

305 0

Today.kz-тің  мәлімет көзінің ақпараты бойынша, екі баласын терезеден лақтырған 33 жасар Жадыра Құлмамырова шизофрения кеселіне шалдыққан.

"Оны стационарда жатқан кезінде невропатологтар, психологтар, психиатрлар қарады. Жадыра Құлмамырованы қараған кезде шизофренияның симптомдары байқалған. Сонымен бірге, оқиға болған кезде әйел адам өте жүдеу күйде болан", - дейді мәліметші.

Подьездегі отбасының Анжела атты көршісі Жадыраны адекватты және салмақты әйел ретінде сипаттайды. Оның айтуынша, ері мен әйелі де әрдайым ілтипатты, ал балалары көңілді әрі тәрбиелі болған.

"Ол биязы болатын, балалар төбеде секіріп жүргенде менің люстрам шайқалатын. Мен көтеріліп балаларды тынышталуын сұрадым. Мен ызалы келгем, ол болса салмақты түрде байыппен: "Олар бала ғой, түсініңізші, мен ас үйде тамақ әзірлеп жүргенде олар төр үйде секіреді, мен қайтем енді?", дейтін. Ал оның күйеуі Саясат – тақия киген періште, үнемі күліп жүретін, үйіне қауын мен қарбыз тасып жүретін. Бір ғана байқағаным, қайғылы оқиғадан екі апта бұрын оның алдыңғы тісі болмады. Мен бірдемемен сырқаттанған болар деп ойладым", - дейді Анжела.

Сондай-ақ, көршісі  пәтерде өлімнің жиі болуына байланысты пәтер тұрғындары жиі ауысатынын айтты

"Пәтер өздігінен жаман. Екі жылда бұл пәтердің иелері талай ауысты. Алғаш иесі Буткиева Тома ұлымен тұрды. Оның ұлы апаттан қайтыс болып, Тома да қайғыдан көз жұмды. Пәтер інісіне өтті, ол туған әпкесімен үй үшін соттасты. Ол жігіт те қайтыс болды, пәтер жалдауға берілді. Онда әзірбайжандықтар тұрды, отағасы қайтыс болып, олар отанына қайтып кетті. Кейін пәтер сатылды да, осы Көкенайлар отбасы кірді", - дейді ол.

Анжеланың айтуынша, қазір пәтерде жөндеу жүруде. Иесі оны сатуды ойлауда, өйткені жалға беру бола қоймас.

Естеріңізге салсақ, 33 жасар Жадыра Құлмамырова мен оның қызы 5 қыркүйекте Сайын көшесінде болған қайғылы оқиғадан кейін ауруханаға түсті. Құлмамырова көпқабатты үйдің терезесінен кәмелетке толмаған қыздарын лақтырып жіберген болатын, оның бірі 8 жасар Айша Көкенай оқиға орнында қайтыс болды. Артынша Жадыра Құлмамырова өзі де бесінші қабаттан секірген.

Әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оған "Қылмысқа дайындалу және қылмыс жасау оқталу" және "Өлтіру" бабы бойынша айып тағылды. 12 қыркүйекте Бостандық ауданының №2 соты Құлмамырованы екі айға тұтқындауға санкция берді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!