Астана мектебіндегі бопсалау ісінде жаңа жәйт туындады

Фотография - Астана мектебіндегі бопсалау ісінде жаңа жәйт туындады

Сотталушы балалардың бірінің анасы ҚР ІІМ-не шағым түсірді

693 0

Астанадағы гиназия оқушылары арасындағы бопсалау мен соққыға жығу бойынша іс басқа арнаға бұрылды. Айыпталушы балалардың бірінің анасы сотқа қарсы шағым берді деп хабарлайды Today.kz.

Астанадағы № 65 мектеп гимназиясының оқушысын соққыға жыққаны үшін сотталушы оқушының анасы ҚР ІІМ министрі Қалмұхамбет Қасымовтың блогына өзінің ұлына қол жұмсаған мұғалімге шара қолдануды сұрап жазған. Айта кетейік, қол көтерген мұғалім зардап шеккен баланың анасы болып келеді екен. Шағымданушы әйел редакцияға өз сөзін дәлелдейтін бейнежазбаны ұсынды.

"25 мамырда төбелес болып, екі бала төбелесті. Баланың анасы осы мектепте орыс тілі мұғалімі Қабылдина Гүлмира мектепке өзінің студент ұлдарымен келген. Олар менің ұлымды директор кабинетінің алдында, өзге оқушылардың көзінше сабаған. Менің баламды балағаттаған. Студент болып келетін екі ағасы менің ұлымды дәретханаға апарып ұрған", - дейді сотталушы ұлдың анасы.

Оның айтуынша, оқиғадан кейін баласы қудалауға ұшыраған. Анасы мұны мектеп әкімшілігі жасап отыр деген сенімді.

Ал Гүлмира Қабылдина оқиғаны былай түсіндірді.

"Менің ұлымды ұрған бала дәліз ортасына шықты. Мен оны көргенде ұстап алып: "Қалай дәтің барды! Мен саған мұны кешірмеймін!", - дедім. Бейнеден көрініп тұр, мен оны ұрмадым сілкіп алдым. Менің оған құқым жоғын білем. Оның анасы болса ұлының қылығы үшін кешірім сұрау орнына менің үстімнен прокуратура мен ІІАБ-ға арыз жазған. Сосын менімен директордың үстінен білім басқармасына жазған. Сосын төртінші арызды юалалардың құқын қорғау департаментіне. Комиссия шешімі бойынша маған сөгіс жариялады", - дейді Қабылдина.

 

Естеріңізге салсақ,  №65 гимназияның екі оқушысына "Бопсалау" бабы бойынша айыптағылған. Оқиға 2015 жылдың 25 мамырында болды. 10 сынып оқушылары 9 сынып оқушысына тиіскені камераға түсіп қалған. Істі Астананың жасөспірімдер соты қарастыруда. Адвокаттың айтуынша айыпталушылар кінәсін мойындамауда, алайда қайталама сараптама қортындысы орта деңгейдегі жарақаттар барын көрсеткен.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!