Маңғыстау облысында әйел нәрестесін сату үшін жүкті болған

Фотография - Маңғыстау облысында әйел нәрестесін сату үшін жүкті болған

Маңғыстауда тұратын 28 жастағы Қарақалпақстан тумасы өзінің екі айлық қызын 100 мың теңгеге сатып жібермек болды.

228 0

Маңғыстауда тұратын 28 жастағы Қарақалпақстан тумасы өзінің екі айлық қызын 100 мың теңгеге сатып жібермек болды. Осылайша қаржылық жағдайын көтермек болған әйел, тапсырыс берушілерді баласы дүниеге келмей жатып іздестірген. Бұл туралы "Ладаға" сілтеме жасап nur.kz хабарлайды.

Полицияда хабарлағандай, көкек ананы 28 қыркүйекте Жаңаөзен қаласында құрықтаған.

ІІД баспасөз қызметінің басшысы Әлия Шермағамбетованың айтуынша, әйел баланы сату мақсатында жүкті болған. Сол себепті сатып алушыларды бала тумай жатып іздестіруге кіріскен.

Тәртіп сақшылары жалған сатып алушы арқылы әйелді қылмыс үстінде ұстады.

Келіншек нәрестесін 100 мың теңгеге бағалаған. Екі әйел арасында келісім перзентхана ғимаратының маңында жасалды. Сол жерде Қарақалпақстан тумасын полицейлер сатып жатқан жерінен қамауға алды.

Тергеу барысында жас келіншек осылайша өзінің қаржылық мәселелерін шешпек болғанын мойындады. Әйел мұнда жақындары, тұратын үйі, тұрақты жұмысы жоқтығын айтқан. Сатылымға қойылған қыз бала оның тұңғышы екен.

"Келіншектің бұл әрекеті тәртіп сақшыларын есеңгіретіп тастады. Қазір олар барлық жайтты тексеруде. Әйелдің жеңіл жүрісті екені байқалған", – дейді ІІД баспасөз қызметінің басшысы Әлия Шермағамбетова.

"Кәмелетке толмағандарды саудалау" бабы бойынша соталды тергеу жұмыстары жүргізілуде.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!