Таразда қыз алып қашу операциясы қылмыстық іспен аяқталды

Фотография - Таразда қыз алып қашу операциясы қылмыстық іспен аяқталды

Оқиға Тараз қаласының іргесіндегі саяжайда болған. Жастары шамалас қыз-жігіт екі жыл бойы тек интернет арқылы сөйлесіп жүрген екен.

823 0

Таразда қыз алып қашу операциясы қылмыстық іспен аяқталды. Күйеу жігіт Шөлдала ауылының тұрғынын күштеп қалыңдық қыламын деп темір торға қамалды деп хабарлайды 31 арна.
Оқиға Тараз қаласының іргесіндегі саяжайда болған. Жастары шамалас қыз-жігіт екі жыл бойы тек интернет арқылы сөйлесіп жүрген екен.

Алғашқы кездесу күні-ақ жігіт қызды үйінен алдап шығарып, жар ету ниетінде алып қашады. Қалыңдық қарсылық танытқанмен, жігіт достарымен бірге оны көлікке күштеп кіргізеді.

Қазір адам ұрлау ісі бойынша 1993 жылғы азамат екі жылға бас бостандығынан айырылды. Айта кетейік сот отырысына жәбірленуші басқа бір азаматқа тұрмысқа шыққанына байланысты қатыспады.

Тіпті өзін еркінен бөлек ұрлаған жігітті кешіріп, соттан бас бостандығынан айырмау туралы өтініш те білдірген. Бірақ сот қыз ұрлаған жігітті айыпты деп тапты.

"Сотталушы Қылмыстық кодекстің 125 бабы екінші бөлігі "А" тармағымен кінәлі деп танылып оған Қылмыстық кодекстің 55 бабын қолдану арқылы екі жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған", – дейді Жамбыл облыстық сот кеңсесінің ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Мадина Бегжанова.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!