Көші-қон заңнамасын бұзған 500-ден астам шетелдік азамат Қазақстаннан шығарылды

Фотография - Көші-қон заңнамасын бұзған 500-ден астам шетелдік азамат Қазақстаннан шығарылды

28 қыркүйек пен 2 қазан аралығында елордада "Нелегал-2015" республикалық жедел-алдын алу шарасының екінші кезеңі өтті.

287 0

28 қыркүйек пен 2 қазан аралығында елордада "Нелегал-2015" республикалық жедел-алдын алу шарасының екінші кезеңі өтті.

Астана қалалық ІІД-нен түсіндіргендей, «Нелегал» жедел-алдын алу шарасы заңсыз көші-қонға қарсы әрекет жасау, заңсыз көші-қон арналарын анықтау, шетелдіктерді еңбекке заңсыз тарту фактілерін анықтау мақсатында өткізіліп отыр. Шара аясында полицейлер заңнама бұзған азаматтардың уақытша тұратын орындарын, құрылыс нысандарын, жертөле ғимараттарын, сондай-ақ адамдар көптеп жиналатын жерлер - базарлар, құрылыс нысандары, көлік жөндеу орындары, көлік тұрақтары, саясажай сілемдері, өнеркәсіп аймақтарын тексеруде.

"700-ге жуық шетелдік азамат ҚР-да болу ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көші-қон заңнамасын бұзған 442 адамға қатысты елде болу мерзімдері қысқартылды, 174 адам Астана қалалық ІІД-нің қабылдау-бөлушісіне орналастырылған. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен 500-ден астам шетелдік азамат ҚР көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін ҚР сыртына шығарылды.

Бұдан басқа, шетелдік азаматтарға қатысты елдің сыртына шығару шешімін орындамағаны, шекарадан қасақана заңсыз өткені үшін қозғалған 18 қылмыстық істің сот алдындағы тергеу амалдары жүргізілуде", - деп хабарлады жедел-алдын алу шарасының қорытындыларын Астана Қалалық ІІД-нің көші-қон полициясы басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Гүлвира Дөненбаева. 

 

ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!