Үш жастағы бүлдіршін әкесінің тапаншасымен ойнап отырып, өзін-өзі маңдайынан атқан

Фотография - Үш жастағы бүлдіршін әкесінің тапаншасымен ойнап отырып, өзін-өзі маңдайынан атқан

Үш жасар қыз бала әкесінің оқтаулы "Оса" травматикалық тапаншасымен ойнап отырып, абайсызда өз-өзін маңдайынан атты

338 0

Тверь облысының Кашин қаласында қайғылы оқиға орын алды. Үш жасар қыз бала әкесінің оқтаулы «Оса» травматикалық тапаншасымен ойнап отырып, абайсызда өз-өзін маңдайынан  атты, деп хабарлайды Ресей Тергеу комитетінің баспасөз қызметінен.

Әкесі оқтаулы тапаншасын кеудешесінің қалтасында қалдырып кеткен, бүлдіршін үшін оны алып шығу қиынға соқпады.

Абырой болғанда, басына оқ тиген қыз бала аман қалды. Оқиға орнына келіп жеткен дәрігерлер бригадасы оны жергілікті аурухананың жансақтау бөліміне жеткізді.

Тергеу органдары ұқыпсыз әкеге қатысты РФ ҚК 224 бабының 1 бөлімімен (Ауыр зардаптарға әкеліп соқтырған оқ қаруды ұқыпсыз сақтау) қылмыстық іс қозғады. 


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!