Шығыс Қазақстанда 250 тонна шөп өртеніп кетті

Фотография - Шығыс Қазақстанда 250 тонна шөп өртеніп кетті

Қызыл жалын 250 тонна шөпті күлге айналдырған

139 0

Шығыс Қазақстан облысында 200 гектар аумақ өртке оранды. Қызыл жалын 250 тонна шөпті күлге айналдырған деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Аталған ведомствоның мәліметінше, өрт Жарма ауданы Шар елдімекенінде өткен сенбі күні орын алған. «220 гектар аумақты алатын жерде 250 тонна құрғақ шөп пен 200 дана қатталған шпал өртеніп кетті. Зардап шеккендер жоқ» делінген аталған хабарламада. Құтқару жұмыстарына өрт сөндіру қызметі, Қазақстан темір жолы компаниясының қызметкерлері, барлығы 64 адам мен 11 техника жұмылдырылған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!