Қазақ-өзбек шекарасында өзбекстандық азамат контрабандалық дәрі-дәрмекпен ұсталды

Фотография - Қазақ-өзбек шекарасында өзбекстандық азамат контрабандалық дәрі-дәрмекпен ұсталды

Сарыағаш шекара отрядына қарасты "Кызыл таң" заставасының шекара наряды мемлекеттік шекара (қазақ-өзбек шекарасы) арқылы дәрі-дәрмектерді елімізден контрабандалық жолмен өткізуге тырысқан Өзбекстан азаматын ұстады

697 0

Сарыағаш шекара отрядына қарасты "Кызыл таң" заставасының шекара наряды мемлекеттік шекара (қазақ-өзбек шекарасы) арқылы дәрі-дәрмектерді елімізден  контрабандалық жолмен өткізуге тырысқан Өзбекстан азаматын ұстады. 

Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

29 жастағы азаматтың екі сөмкесін қараған кезде одан галавит, просульнин, нейрокс, химотрипсин, эглонил, амбробене секілді тағы басқа дәрілер табылды. Барлығы 27 түрден тұратын дәрі-дәрмектердің жалпы салмағы 168 келіге жетті.

Сондай-ақ, сөмкеден 16-арналы "Умбрелла" радиостансасы мен "Нокиа" деп аталатын ұялы телефон табылды.

Аталған дерек бойынша құқыққорғау органдары хабарландырылды.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!