Астанада жаяу жүргіншіні қағып өлтіріп алған "Күзет" қызметкері әйелдің туғандарынан кешірім сұрады

Фотография - Астанада жаяу жүргіншіні қағып өлтіріп алған "Күзет" қызметкері әйелдің туғандарынан кешірім сұрады

Қайтыс болған әйелдің күйеуі кешірім беруге дайын емес

324 0

Астананың Алматы аудандық №2 сотында бесінші тамызда Қошқарбаев көшесінде адамды жаяу жүргінші жолында қағып өлтірген "Күзет" полкінің қызметшісі Жеңісбек Ғаппаровқа қатысты сот басталды, деп хабарлайды Today.kz.

Қайтыс болған 35 жасар әйелдің күйеуі Владимир Владимиров болған жайтты түсіндіре келе, әйелі екеуі бір ЖШС-да істегенін. Оқиға болған күні Олеся Владимирова жұмыстан уақытында шыққан, ал  ол біраз кешіккен. Кейін ол жолда әйеліне звондаған, ал телефонды полицей көтеріп әйелінің ЖКО кезінде қаза болғанын айтқанын баяндап берді.

"Сол күні полицияда, сотталушыны алып кіргенде ол кешірім сұрауға тырысты, тек болмай қалды. Мен ешқандай кешірімдерді қабыл алмаймын. Менімен туысқандары да сөйлеспек болды, бірақ мен бас тарттым. Мен қазір де оны кешіруге дайын емеспін", - деп түсіндірді зардап шегуші судьяның сұрақтарына жауап бере отырып.

Сондай-ақ, ол әйелімен 2002 жылдан бері отасқан және екі баланы – 6 және 11 жастағы – тәрбиелеп отырғандығын айтты. Оның айтуынша кейін, материалдық және моральдық шығынның тізімі даяр болатынын мәлімдеді.

"Менің ісіме кешірім жоқ. Мен сіздерден кешірім сұраймын және шын өкінемін. Мен бұлай еткім келген жоқ", - деді Жеңісбек Ғаппаров зардап шегушіге.


Тегтер:

астана күзет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!