Қарағанды облысының наркобизнеспен күрес басқармасының экс-басшысы ұсталды

Фотография - Қарағанды облысының наркобизнеспен күрес басқармасының экс-басшысы ұсталды

Алаяқтық бойынша айыпталған Құлжақаев мұның алдында ешқайда шықпау туралы хатқа қол қойған

211 0

Қарағандыда облыстық наркобизнеспен күрес басқармасының бұрынғы басшысы Ержан Құлжақаев ұсталды, деп хабарлайды Today.kz экс-шенеуніктің адвокаты Владимир Федерякинге сілтеме жасай отырып.

Алаяқтық бойынша айыпталған НҚКБ бұрынғы басшысы мұның алдында ешқайда шықпау туралы хатқа қол қойған. Оның Шахтинск қаласының сотына келмей қою себеінен, оны тұтқындау шарасы қолданды.

"Сотталушы 23 қыркүйекте сот отырысына келмеді, орнына ол Қарағанды обылысының клиникалық ауруханасында жатқандығы туралы анықтама жіберген. Аталған жайт сот процесін созу деп бағаланды. Сотталушының жедел түрде ауруханаға жеткізілгені туралы мәлімет жоқ", - делінген сот қаулысында.

Адвокат Федерякин оның қорғауындағы тұлғаның соттан қашпақ ниеті болмағанын, шынымен ауырып жатқандығын айтады.

Адвокаттың айтуынша, Құлжақаевты тұтқындау қаулысы шыққаннан кейін ол ұсталды.

"Қазір ол тергеу изоляторында", - деп хабарлады  адвокат.


Тегтер:

сот құлжақаев

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!