Петропавлда такси жүргізуші бойжеткенді өлтірген қылмыскер 18 жылға сотталды

Фотография - Петропавлда такси жүргізуші бойжеткенді өлтірген қылмыскер 18 жылға сотталды

Петропавлдағы СҚО қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында такси жүргізуші бойжеткен өлтірілген атышулы іс бойынша сот үкімі шықты

246 0

Петропавлдағы СҚО қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында такси жүргізуші бойжеткен өлтірілген атышулы іс бойынша сот үкімі шықты. 

Бойжеткенді өлтірген Мұрад Аннагельдыев 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасын алды.

"М.Аннагельдыев ҚР ҚК-нің 99 бабының 2 бөліміндегі 10 тармақша (адам өлтіру), 293 бабының 3 бөліміндегі 2 тармақшасы (бұзақылық), 192 бабының 2 бөліміндегі 4 тармақшасы (қарақшылық), 24 баптың 3 бөлімі, 120 баптың 1 бөлімі (зорлауға оқталу), 121 баптың 1 бөлімі (сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттері), 200 баптың 1 бөлімімен (ұрлау мақсатынсыз автомобильді заңсыз иелену) қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауда айыпты деп танылды. Қылмыстардың жиынтығы бойынша М.Аннагельдыевқа оған тиесілі мүліктің барлығын тәркілеумен бірге қатаң режімдегі колонияда 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді", - деді үкімді оқыған қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соттың судьясы Дастан Ысмайылов.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың наурыз айында түнгі уақытта алкогольдық мас күйінде болған Аннагельдыев такси жүргізушісі - 28 жастағы Екатерина Воронцованың қаражатын иелену мақсатымен оның көлігіне мініп алып, Петропавл қаласының сыртына шығып кеткен. Одан кейін жолақысын төлеуден бас  тартқан Аннагельдыев  пневматикалық тапаншаны қолданып, бойжеткеннің соққының астына алған. Екатерина есінен танған соң, қаскүнем оны зорламаққа әрекеттенді. Бұдан соң бойжеткенге көптеген дене жарақаттарын салып, тұншықтырды. Аннагельдыев оқиға орнынан жәбірленушінің көлігіне мініп ізін жасырған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!